Алматыда ірі алаяқтыққа қатысы бар адам ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 13:56 Сурет: ҚР ІІМ
Полицияға алаяқтық туралы бірнеше хабарлама келіп түсті.

Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреу қаржылық интернет алаңында ақшаны криптоволютаға айналдырамын деген желеумен ірі көлемде ақшаны иемденген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бірі – К.есімді азамат ұсталды. Анықталғандай, жас жігіт алаяқтық жолмен алынған ақшалай қаражатты қабылдап отырған. Ұстау кезінде күдіктіден 3 телефон, 8 SIM-карта және әртүрлі адамның атына ашылған 14 банк картасы тәркіленді. Осы дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп жатыр", – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетке басқа да қатысушыларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: