19 желтоқсандағы түскі саудада доллар өсті

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 17:38 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,46 теңгеге қымбаттап, 458 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,16 теңгені (-0,13) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,26 теңге, рубльді 5,11 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 457,9-459,9 теңгеге, еуро 500-503 теңгеге, ресей рублі 5,01-5,15 теңгеге сатылуда.

Ал 19 желтоқсандағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында ақпандағы Brent фьючерстерінің құны 0,54%-ға арзандап, барреліне 77,53 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері 0,81%-ға төмендеп, барреліне 72,23 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: