Министр Қазақстанның қай өңірінде ауыз су тапшы екенін айтты

Су ресурстары және ирригация министрі , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 15:27 Сурет: Zakon.kz
20 желтоқсан күні Мәжіліс кулуарында журналистер Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтен ауыз су мәселесі қиын өңірлерді атап беруін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистердің сауалына жауап берген министрлік басшысы ең алдымен еліміздің батыс өңірлерін атап өтті.

"Маңғыстау облысы. Жақында ғана "Астрахань – Маңғышлақ" су құбырының екінші кезегін іске қосқанымызды білесіздер. Осы топтық су құбыры арқылы өтетін су көлемін 60 мың текше метрге ұлғайттық. Атырау облысында да қиындық бар. Ақмола облысына қатысты да осыны айтуға болады. Атап айтқанда, Егіндікөл ауданы, Талапкер және Қажымұқан елді мекендері". Нұржан Нұржігітов

Дегенмен министр 2025 жылы бұл өңірлерде су мәселесі шешіледі деп сендірді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: