Су ресурстары министрі ауыз су тарифін көтеру туралы не ойлайтынын айтты
Сурет: Zakon.kz
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов журналистердің сұрауы бойынша ауыз суға тарифті көтеру мәселесіне пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр мәжіліс кулуарында қазір суды үнемдеу мәселесі өте өткір екенін айтты.
"Қазір бұл көп айтылып жүр. Суды үнемдеудің бірнеше жолы бар. Соның бірі – тариф. Бұны сіздер жақсы түсінесіздер. Экономикалық жағдайымызға байланысты біз бұл мәселені үнемі көтеріп, шешуіміз керек. Халқымыздың суға, суаруға, ауыз суға ұқыпты және үнемді қатынасын қалыптастыруға, осы салада ақпараттандыруға әсер ететін факторлардың бірі – әрине, тарифтер".Нұржан Нұржігітов
Сонымен қатар ол ауыз су мәселесі бар өңірлерді де тізбектеп берді.
БҰҰ болжамы бойынша, алдағы 15 жылда Қазақстанда су тапшылығы болады. 2050 жылға қарай су тапшылығы үш есеге артады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript