Астанадағы аяз: мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшті

Бұған дейін елорда әкімдігі астаналықтарға үндеу тастаған болатын. Одан кейін елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда абайлап, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрады., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 13:19 Сурет: phxere
Астанада қарлы боранға байланысты оқушылар қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Zakon.kz елорданың білім басқармасына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 2023 жылдың 21 желтоқсанында Астанада қарлы боран соғады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.


"Ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшуде". Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі

Бұған дейін елорда әкімдігі астаналықтарға үндеу тастаған болатын. Одан кейін елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда абайлап, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: