Жаңалықтар тізбегі
0

ҮАААЖ-ға радиалды жолдарды тесу жұмыстары 2027 жылға қарай аяқталады

ҮАААЖ, Алматы әкімі, жол мәселесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 14:59 Сурет: Zakon.kz
Алматыда автомобильдердің үлкен ағынымен байланысты проблеманы шешу үшін қалаға кіретін магистральдардың санын көбейту қажет. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде журналистердің сұрақтарына орай берген жауабында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімінің сөзінше, бүгінде 2 көшеде – Рысқұлов даңғылы мен Саин көшелерін ҮАААЖ-ға дейін тесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ҮАААЖ-ға апаратын 3 радиалды жолды тесу бойынша ЖСҚ әзірленіп жатыр. Бұл Абай даңғылының, Северное айналма көшесі және Тілендиев көшесінің екінші бөлігі. Біз бұл жұмыстарды 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен аяқтауды жоспарланып отыр.

Шаһар басшысының айтуынша, қолданыстағы қалаға кіретін ірі магистральдардың өткізу қабілетін арттыру мақсатында Құлжа трактісін Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін алты жолаққа дейін кеңейтуге ЖСҚ әзірлеу басталды.

Қазіргі таңда қала ішіндегі көлік жүктемесін азайту үшін Төле би көшесін (Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін) тесу жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы Қажымұқан көшесін (Сейфуллин даңғылынан Жамақаев көшесіне дейін) және Жұбанов көшесін (Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін) тесу жұмыстарын бастау жоспарлануда, Мұқанов көшесін (Райымбек даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін) тесуге ЖСҚ әзірленуде. Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

Шаһар басшысы өзінің тапсырмасы бойынша жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұған қаладағы қалған 498 бағдаршам да кіреді.

"2021 жылдың қыркүйегінде біз жаңғыртудың бірінші кезеңі бойынша жұмыстарды аяқтадық. Бүгінде 591 нысанның 93-і автоматты режимде жұмыс істейді. Жалпы, жұмыстар 2025 жылға дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Автоматтандырылған жүйе көшелердің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді сөзін қала әкімі.

Бұдан бөлек, қала басшысы Алматыда Түргеннен Қаскелеңге дейін тау кластері құрылатынын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: