Астанада жауын-шашын, Алматы мен Шымкентте: +11°C. 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 22 желтоқсан, жұмаға арналған болжамды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, елордада жауын-шашын, Алматы мен Шымкентте +11°C дейін жылы болады:
- Астанада – көшпелі бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан түнде 9-14, күндіз 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2°С;
- Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз +3+5°C;
- Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°C, күндіз +9+11°C.
Болжам бойынша Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады – жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
"Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, Қазақстанда тұман, көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте бұрқасын күтіледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ синоптиктер таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл өңірінде 30 м/с және одан да жоғары желдің күшеюі күтілетінін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript