Жеңіс Қасымбек Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты
Сурет: Zakon.kz
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметіне елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер LRT 2025 жылы іске қосылуы мүмкін екені туралы ақпарат бұрын да тарағанын атап өтті. БАҚ өкілдері "Бұл мерзімге өзгеріс енгізілуі мүмкін бе?" деп сұрады.
"Нақты айды, уақытты айтпай-ақ қояйын. Олар маған сұрақ қойғанда, мен (LRT. – редакцияның ескертпесі) қажетті қаржы бөлінген жағдайда екі-екі жарым жыл ішінде салынады деп айттым", – деді Жеңіс Қасымбек.
30 маусымда Астанадағы LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлінгені хабарлаған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript