Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында білім саласының 600-ге тарта қызметкері тәртіптік жазаға тартылды

Түркістан облысында білім саласының 600-ге тарта қызметкері тәртіптік жазаға тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 15:34 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысындағы 235 мектептің 42-сінде сан-эпид қорытынды алынбаған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірге арнайы барып, педагогтармен кездесті.

Саладағы кемшіліктерді тізіп, білім сапасын көтеру мәселесін талқылады. Мамандардың мәліметінше, аймақтағы 49 білім ұясының бейнебақылау камералары жұмыс істемейді.

51 мектепте өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған. Кейбір мектептердің спорт залдары мен асханалары апаттық жағдайға жеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Екі мыңға жуық педагог дер кезінде біліктілігін арттырмаған. Бірқатар білім ошағында бала саны 24-ке жетпесе де бөліп оқытып, сағат саны жасанды түрде көбейтіліп келген.

Осы кемшіліктерге жол берген білім саласының 600-ге тарта қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

"Кешегі білім сапасының рейтингісін алатын болсақ, Түркістан өңірі ең соңғылардың қатарында тұр. Сондықтан осы төменгі жерден жоғары көтеру бағытында Оқу-ағарту министрлігі өз тарапынан тиісті сол үш айдың ішінде әдістемелік көмекті көрсетуге біз дайындығымызды айтып кетіп отырмыз." Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: