Абай облысында Қызыл кітапқа енгізілген арқарды атқан азамат жауапқа тартылды

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 17:41 Сурет: Zakon.kz
39 жастағы Аягөз қаласының тұрғыны Қызыл кітапқа енгізілген арқарды атып мемлекетке 14 млн теңге шығын келтірген.

Сот отырысында анықталғандай ер азамат өзіне тиесілі қойларын жоғалтып алып, іздеу барысында арқар жануарын кездестіріп қалып, заңсыз атып алып, арқардың етін үйіне апарған.

Сотпен 39 жастағы азамат кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің (Заңсыз аңшылық) бабымен 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектеліп, сонымен қатар қосымша жаза ретінде 3 жыл бойы аңшылықпен айналысу құқығынан айырылып, жергілікті атқарушы органдары айқындайтын орындарында жаза өтеудің бүкіл мерзімі ішінде 100 сағатқа мәжбүрлі еңбек жұмыстарына тартылды.

Қазіргі таңда сотталған азамат Аягөз аудандық пробация қызметінің есебінде жазасын өтеп жатыр, тұрақты жұмысқа орналастырылып, шаруа қожалығында қызмет жасайды, мемлекетке келтірген шығынды төлеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: