Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент жолдарында отшашудан "шоу" жасаған жігіттер жауапқа тартылды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2023 16:24 Сурет: Zakon.kz
Қала аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Бәйдібек би даңғылында пиротехникалық жарылғыш зат қолданып бара жатқан көлік жолаушысын байқады.

Тәртіп сақшылары бірден Ваз 21099 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік салонынан 43 пиротехникалық жарылғыш зат тәркіленді.

Белгілі болғандай, 19 жастағы жүргізуші жанына досын ертіп, қала көшелерінде от шашудан "шоу" жасамақ болған. Ал оң жақ жолаушы орындығындағы азамат көліктің әйнегіне отырып, пиротехникалық жарылғыш затты аспанға атқан.

Полицейлер заң бұзушылықты дер кезінде тоқтатты. Қызық қуғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі, 593-бабы және 436-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Автокөлік айыптұраққа қойылды. Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында республика көлемінде "Пиротехника" ЖПІШ өткізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: