Қостанай облысында әжесі мен немересі боранда жоғалып кетті

Қостанай облысында әжесі мен немересі боранда жоғалып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 00:56 Сурет: Instagram/pso_dos.kst_
Қостанайда қарт әйел мен баланы іздеуге жергілікті құтқарушылар жұмылдырылды. Жоғалғандар жайында әлеуметтік желіде хабарланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 желтоқсан сағат 07.00 шамасында Степной елдімекенінде 58 жастағы әйел мен 11 жастағы қыз жолай өтіп бара жатқан көлікті "тоқтатып мінеміз" деп үйден шығып кеткен.

Содан бері қайда жүргені белгісіз. Олар Тобыл қаласын бетке алған еді. 


"Іздеу-құтқару жұмысына еріктілер, полиция, әкімдік қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылған. Бұл іске 2 квадроцикл тартылды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр".Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: