Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлыбританияда вирустың жаңа түрі тарап жатыр

Ұлыбританияда вирустың жаңа түрі тарап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 15:52 Сурет: pixabay
Ұлыбританияда ковидтің жаңа түрі тарап, дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызды. Ресми мәліметтерге сәйкес Англия мен Шотландияда әрбір 24-ші адам вирусты жұқтырған.

Шамамен 150 мың адам үйден тест сынамаларын жасап, осындай нәтиже көрсетіп отыр. Вирустың жас талғамайтыны анықталған. Бірақ ол 65 жастан асқан адамдардан гөрі 18 бен 44 жас аралығындағы тұрғындардан көбірек табылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Науқастар әсіресе Лондонда көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты зерттеуді қажет ететін Омикронның жаңа түрі деп, оған JN.1 деген атау берді. Оның Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Тынық мұхитының батыс бөлігінде және Еуропа елдерінде кеңінен тарағаны белгілі болып отыр.

"Ковид, әдеттегінше, бізді таң қалдырып жатыр. Алдын ала болжау қиын ауру болғандықтан сақтық шараларын жасаған жөн." Лоуренс Янг, вирусолог

Қазіргі таңда JN.1 аса қауіпті екендігін дәлелдейтін әзірге зерттеу нәтижелері жоқ. Ковидке қарсы вакциналардың жаңартылған түрлері адам ағзасының иммунитетін күшейтеді дейді мамандар. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағылар науқастар санының артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Өйткені қыс мезгілінде өршитін басқа вирустық және бактериалды инфекциялар жығылғанға жұдырық болып тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: