Жаңалықтар тізбегі
0

"Көңіл сұрап та келмеді". Алматыда автобус қағып өлтірген марқұмның туыстары көмексіз қалған

автобус апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 00:33 Сурет: видео скрині
Алматыда автобус астында жаншылып көз жұмған марқұм Айдос Әлменбаевтың жақындары кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Жалғыз асыраушысынан айырылған отбасына ешкім қол ұшын созбаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мақұмның туыстары көмек түгілі, автобус паркінен бір де-бір адам көңілін сұрап келмеді деп отыр. Ал үш баласымен жалғыз қалған ана әділдік іздейді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Марқұм Айдос отбасының жалғыз асыраушысы болған. Микроавтобус айдап, күнделікті нәпақасын тауып жүріпті. Апат болған күні Райымбек даңғылының бойындағы аялдамаға тоқтап, бой жазбақ болады. Көліктен түсе бергенінде қоғамдық көлік қағып өтеді.

"Егер баламның автобусы тұрмағанда, аялдаманың ішіне кіргенде, білмеймін, қанша адам қырылып, жаяу жүргінші жолдың ішіне кіріп кететін еді. Сол баламның "Спринтері" қанша өмірді сақтап қалды. Көзі шығып кеткен. Жарты басы жоқ. Қолы сынған. Денесінің сау жері жоқ. Көлігін жасап шыққанына екі-ақ күн болған". Марқұмның әкесі Қыдырғали Әлменбаев

Отбасына марқұмның денесін тану оңайға соқпаған. Қатты соққыдан басының сау-тамтығы қалмапты.  

"Сараптама басы жарылған деді. Білмеймін, айта алмаймын, анау адамның маған түрі таныс емес. Қолын ашып берді, аяғын ашып көрсетті. Сол екеніне көзім жетті. Әлі де сенбейміз, шын айтқанда. Ипотекамызды да төлеп отырған, бағып-қағып отырған. Екеуі де кінәлі болып отыр. Мен айта алмаймын, бір адам кінәлі деп". Марқұмның әйелі Айнұр Құсайынова

Марқұмның артында үш қызы қалды. Екеуі де кәмелетке толмапты. Ең үлкені 19, екіншісі 12, үшіншісі небәрі төрт жаста. 

Марқұмның жақындары апатқа автобус жүргізушісінің тікелей қатысы барын айтып отыр. Әйелдің де жауапқа тартылуын талап етіп отыр. 

"Ол әйел тірі. Аллаға шүкір, ауруханада, тірі. Ал мұнда менің бауырымның үш қызы қалды. Әйелі өзі пәтерде отыр. Ипотекаға алды. Тапсырыс аламыз. ЖК бар. Сол туралы бала-шағасының нәпақасын тауып, киімін, тамағын осы жігіт тауып беріп отырған. Атан-анасын да осы жігіт асырады". Марқұмның досы Ыбырай Көшербаев

Марқұмды ағайын-туысы жер қойнына тапсырды. Енді тергеудің әділ жүріп, күдіктінің қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр. Автобус паркінен өтемақы төлеуді де талап етеді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: