Астана халықаралық әуежайында дабыл жарияланды

Астана әуежайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 19:40 Сурет: Zakon.kz
Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметі әуежай аумағында дабыл жариялады. Астанадан Алматыға КС954 рейсімен ұшқалы тұрған 44 жастағы азамат теркеу кезінде жол жүгінде қару мен есірткі алып бара жатқанын жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежай қызметкерлері бірден "қауіпті" жолаушы тұрған аймақты қоршауға алып, Мемлекеттік күзет, Ұлттық қаіпсіздік қызметі, терроризмге қарсы орталыққа жедел хабарланды.

"Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі жолаушының қол жүгін тексеріп, жолаушыны желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырды. Жолаушы желілік полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесінде қол жүгінде қару мен есірткі барын әзіл ретінде хабарлағанын жеткізген".

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің нұсқамасымен Астана халықаралық әуежайында дабыл алынып тасталды.

Күдікті аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы ("Дайындалып жатқан терроризм актісі бойынша жалған ақпарат тарату") бойынша 5 000 АЕК (17 миллион теңгеден астам) көлемінде айыппұл төлейді немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: