Жаңалықтар тізбегі
0

Дебиторлық-кредиторлық берешекті декларациялау: нені білу керек

декларация, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 22:03 Сурет: kgd.gov.kz
Активтер мен міндеттемелер туралы "кіру" декларациясын толтыру кезіндегі шарттардың бірі - 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыздар мен талаптарды көрсету. Яғни, азаматтар декларацияда басқа жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы қарыздарын көрсетуі керек.

Сондай-ақ, басқа тұлғалардың осы жеке тұлғаға қайтаруға тиіс қарыздары көрсетіледі.

Салық кодексінің нормаларына сәйкес қарыз шарттары нотариалды куәландырылуға тиіс (631-баптың 2-тармағы).

Шарттардың нотариалды куәландырылуы жеке тұлғаның қарызы мен міндеттемелерінің мөлшерін дұрыс көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қарыз шарттарын куәландыру тәртібі "Нотариат туралы" ҚРЗ8-тарауымен регламенттеледі, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мерзімдері 40-бапта айқындалған (барлық қажетті құжаттар ұсынылған және мемлекеттік баж төленген күн).

Осылайша, қарыз шартын декларацияны тапсыру мерзіміне дейін, яғни 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін нотариалды куәландыру қажет.

Қарыздар мен міндеттемелерді бастапқы декларацияда ғана көрсетуге қажет екенін назарға саламыз, тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді (СК 211-бабы 5-тармағының 7) тармақшасы). Банктік қарыз шарттары декларацияда көрсетілмейді.

Сонымен қатар заңды тұлғалармен (микроқаржы ұйымдарын қоса алғанда) жасалған қалған қарыз шарттары декларацияда көрсетілуге тиіс. Нотариалды куәландыруға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Республикалық нотариаттық палатаға жүгіну қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: