Ақтауда желдің салдарынан ғимараттың шатыры құлап, алты көлік зақымданды

автокөлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 01:05 Сурет: lada.kz
Ақтаудағы 3-шағын аудандағы балабақшаның шатыры жақын жерде тұрған алты көлікке опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтаудағы 3-шағын аудандағы балабақша ғимаратының шатырының бір бөлігі опырылып, алтыға жуық көлік зақымданды, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға 28 желтоқсан күні кешке болған. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде оқиғаның салдары түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр. Көліктерді кім қалпына келтіретіні әзірше белгісіз.


"16-21 м/с жылдамдықпен соққан желдің салдарынан "Ясин" балабақшасының 40 шаршы метр аумақтағы шатыры жұлып әкетті. Салдарынан алты көлікке зақым келді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: