Алматыда Ботаникалық баққа билеттер қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас ботаникалық баққа кіру билеттерінің құны көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бақшаның баспасөз қызметі 2024 жылдың 3 қаңтарында Instagram парақшасында хабарлады.
"Құрметті келушілер! 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас ботаникалық баққа бару үшін қосымша 24,20 теңге төлеу керек", - делінген ресми хабарламада.
Мамандар мұны әрбір келушінің төлеуі тиіс ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төленетін салықтың өсіп, қазір 369,20 теңгені (2023 жылы – 345 теңге) құрап отырғанымен түсіндірді.
"Ботаникалық баққа баруға кіру билетінің құны (ересек – 505 теңге, зейнеткер мен мектеп – 158 теңге, студент – 340 теңге) және ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін салық кіреді". Алматы қаласы Бас ботаникалық бақтың баспасөз қызметі
Енді ботаникалық баққа кірген кезде төлеу керек:
- ересектерге – 874,20 теңге,
- зейнеткерлер мен оқушыларға – 527,20 теңге,
- студенттерге – 709,20 теңге.
2023 жылдың 14 желтоқсанында Алматы ботаникалық бағының әкімшілігі жылыжайға 8 жылу пистолетін сыйға тартқан еріктілерге және барлық қамқор жандарға алғысын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript