Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО полицейлері 11 адамды қар құрсауынан құтқарды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2024 14:38 Сурет: Zakon.kz
ШҚО полицейлері қала сыртындағы жолдарға шығуға тыйым салу туралы ескертулерге бей-жай қарамауға шақырады.

Бірнеше күн бойы аймақтағы ауа райының қолайсыздығына, яғни қар, қатты жел, боран, жолды көру мүмкіндігінің нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар жолдардың кейбір учаскелерінде көлік құралдарының қозғалысына шектеулер енгізілді.

Осы жағдайда полицейлер құтқарушылармен және жол қызметтерімен бірлесіп автокөліктің қауіпті жол учаскелеріне шығуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Алайда қозғалыс шектеулерін елемей, өздеріне және жолаушыларының өміріне бей-жай қрайтындарда баршылық. Көп жағдайда олардың көлігі қар құрсауында қалып қалады және оларды құтқару үшін тәуекелге барып, ресурстарды жұмсауға тура келеді.

2 қаңтар күні кешке қарай Самар аудандық полиция бөліміне қарлы боранда Самар – Өскемен тас жолында бірнеше көліктің тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Кештен бастап өңірде жол учаскесін жабу туралы шешім қабылданған, алайда аталған жүргізушілер ауа райының қолайсыздығына және ескертуге қарамай, қалаға бару үшін, ауылдан шамамен 40 шақырымдай шығып кеткен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оларды эвакуациялауға көмек көрсеткен, сондай-ақ Самар ауылына дейін шығарып салып, азаматтардың сонда орналасып, жылынуын қамтамасыз еткен.

Барлығы 11 адам қар құрсауынан құтқарылды, оның ішінде 2 кәмелетке толмаған бала.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: