Ерлан Карин президент берген сұхбаттың негізгі идеясын атады
Ол өзінің Telegram-арнасында сұхбаттың қойылған сұрақ пен берілген жауаптың көптігімен ғана емес, қоғамда қызу талқыланып жатқан көкейтесті мәселелерді тұтастай қамтығанымен ерекшеленіп тұрғанын атап өтті.
"Солайша, Президент мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша күн тәртібін айқындап, бағдарын нақтылап берді. Біз үшін Президенттің ішкі саясат және идеология саласына қатысты айтқан ой-пікірі мен белгілеген басымдықтары аса маңызды." Ерлан Карин
Мемлекет басшысы бірқатар бастама мен жобаның жай-жапсарын жеткізіп, аңдатпа жасады.
- Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтеді;
-Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату қолға алынады;
- 2024 жылы өтетін айтулы іс-шаралар мен басқа да атаулы күндердің бет-бейнесін белгіледі.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың тақырыпқа шығарылған "Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!" деген сөзі барлық идеяның өзегі." Ерлан Карин
Жалпы алғанда, бұл сөз Президент жүргізіп отырған идеологиялық бағыттың шағын формуласы. Бұл сөз қоғамды жасампаздыққа жетелейді: өткен күнмен өмір сүрмей, болашаққа нық қадам басуға үндеп, халықты бөлетін емес, біріктіретін жалпыұлттық құндылықтарды басшылыққа алуға шақырады, - деп ойын жеткізді Ерлан Карин.