Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Наурызбай ауданында Г-тәрізді тротуар салынды

Наурызбай ауданында ұзындығы 360 метр болатын Г-тәрізді тротуар салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2024 09:17 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2023 жылы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында Абай даңғылынан №208 мектепке дейін "Қарғалы" өзенінің бойында ұзындығы 360 метр, ені 2,5 метр Г-тәрізді тротуар салынды.

Сондай-ақ 34 жарық тірегі орнатылды.

Тротуар салу туралы ұсынысты ата-аналар 2023 жылы қала әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтқан болатын.

Айта кетерлігі, мектеп Абай даңғылы мен Ілтипат көшесінің арасына орналасқан. Мектепке жету үшін оқушылар бүкіл жеке секторды айналып өтуге мәжбүр болды.

Еске салсақ, 2022 жылдың қараша айында Наурызбай ауданында 1500 оқушыға арналған №208 мектеп пайдалануға берілген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: