Елордада сауда орталығынан қымбат әтірлерді қолды қылған азаматтың ісі әшкере болды
Сурет: Zakon.kz
Қымбат парфюмді ұрлау камераға түсіп қалған Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде парфюмді ұрлауға қатысы бар 37 жастағы ер адамды анықтады.
Тергеу барысында ер адам күндізгі уақытта сауда орталығына келіп, сатып алушы ретінде тауарларды қарай бастағаны анықталды.
Әтір сатып алатындай кейіп танытып, ол жаңажылдық мерекелердегі қарбаласты пайдаланып, өзін ешкім бақыламай тұрғанына көз жеткізген соң сөредегі парфюмді алып, күртесінің қалтасына салып алған. Осылайша ол үш әтірді қолды қылған.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript