Батыс Қазақстан облысында ер адам кәдесыйға арналған "долларды" ұрлаған
Сурет: видео скрині
Батыс Қазақстан облысының полицейлері кәдесыйға арналған "долларды" ұрлаған адамды ұстады. Ер адам тек дүкеннің бейнебақылау камераларына емес, Бөрлі ауданының жедел басқару орталығы камераларына да түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Камераға ер адам оқиға орнынан көлікке мініп кеткен жері түсіп қалса керек. Жедел қызметкерлерге күдіктіні табу қиынға соққан жоқ. Ұрының Ақсай қаласының тұрғыны екені анықталды. Ұрланған "доллар" оның пәтерінен табылды.
Жауап алу кезінде оған таныстарының бірі дүкен иесінің долларды дүкенде сақтайтынын жеткізді. Танысының айтқанына сенген ол тез байып кетудің қамымен осындай әрекетке барған.
Аталған факті бойынша Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Бөрлі ауданы полиция басқармасы тіркеп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript