Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстанда 20 мың текше метр қар түсірілді

Шығыс Қазақстанда 20 мың текше метр қар түсірілді Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында "Қазселден" қорғау филиалының мамандары жол бойындағы қауіпті аумақтардағы қарды жарылыс жасап құлатып жатыр.

Осы жолы Өскемен-Таулы үлбі бағытындағы беткейден 5 мың текше метр қар түсірілді.

Өскеменге жақын бұл аумақта туристік нысандар және шаңғымен сырғанауға арналған бірнеше құлама беткей бар. Қар көп түсетіндіктен көшкін қаупі де жоғары, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан мамандар үнемі бақылауда ұстап, дүркін-дүркін жасанды жарылыс арқылы қарды құлатып отырады.

Жалпы шығыста 500-ге жуық қар көшкіні түсетін қауіпті аумақ болса, оның үш жүзден астамы қыста бақылауда болады.

"Бүгінгі таңда қар көшкінінің алдын-алу үшін филиал мамандары ТЖД біріге отырып 12 жарылыс жұмысын жүргізіп 20 мың текше метр қар түсірілді. Осы аталған жұмыстар қар көшкіні аяқталғанша жалғаса беретін болады." Советбек Стамбеков, "Қазселденқорғау" РМК ШҚО Филиалының басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: