Астанадан 27 мың текше метр қар шығарылды

Астанадан 27 мың текше метрден астам қар шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 09:26 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Елордада жауған қарды шығару жалғасуда. Бір күн бұрын әкімдіктің мәліметінше, қаладан 27 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнгі ауысымда 200-ден астам жол қызметкері мен 649 бірлік арнайы техника көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын қар мен мұздан тазартты.

Жалпы, құзырлы органдардың мәліметінше, қыс мезгілінің басынан бері 462 мыңға жуық рейс 6,2 миллион текше метр қарды қар үйінділеріне тасымалдаған.

Әкімдік қаладағы қарды тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ең алдымен орталық көшелер, жолаушылар тасымалы бағыттары, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолы тазаланады. Сондай-ақ, көлік жүргізушілерінен жолда абай болып, жылдамдықты сақтауды сұраймыз.

Бұған дейін алматылықтарға да қаланы қар басып қалатыны ескертілген болатын. Қар жауды, бірақ көп емес, көп ұзамай оның ізі де қалмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: