Өзбекстанда отбасылық балабақша саны артып келеді

Өзбекстанда отбасылық балабақша саны артып келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2024 16:21 Сурет: pexels
Өзбекстанда отбасылық балабақша саны артып келеді. Ерекше жоба қолға алынғалы бері олардың саны 4 жарым мыңға жеткен.

Сондай ақ, "қызыл" санатқа жататын мектеп саны 1 526-дан 404-ке қысқарған. Айта кетсек, елдегі білім мекемелері жасыл, сары және қызыл болып үш санатқа бөлінеді.

Соңғысы, оқу-ағарту көрсеткішінің ең төменгі деңгейі саналады. Білім министрлігінің хабарлауынша, инклюзивті білім беру де мықтап қолға алынған, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұндай әдіс енгізілген мектеп саны 415-ке жетті. Елде жалпы 10 мыңнан астам білім ошағы бар, оның 70-ке жуығы қазақ мектебі.

"Өткен жылы инвестиция тартудың арқасында 563 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп, 120 мың балаға шақталған жаңа оқу орны ашылды. Оқушылар ең беделді 5 халықаралық ғылым олимпиадасында 13 медаль, басқа да білім жарыстарында 52 медаль жеңіп алды." Дилфуза Собирова, Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру министрлігінің өкілі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: