Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда құс тұмауы өршіп, 600 аққу қырылды

Маңғыстауда құс тұмауы өршіп, 600 аққу қырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2024 16:35 Сурет: pixabay
Маңғыстаудың Қаракөлінде өлген аққудың саны 600-ден асты. Сыбырлақ аққулар құс тұмауынан қырылып жатыр.

Олардан "H5N1" азиялық штаммы табылған. Бұл вирус құс атаулыға жұғады.

Сондықтан аймақта үй құстарына мониторинг жүргізілуде. Құзырлы органның мәліметінше, облыстағы 3 құс шаруашылығы жабық түрде жұмыс істейтіндіктен, егуден бас тартқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал қалған үй құстары күзде ғана вакцинацияланыпты. Айта кетейік, ерекше қорғауға алынған Қаракөлде аққулардың қырылуы 21-желтоқсанда тіркелді. Содан бері жағалауынан күн сайын өлексе жиналуда.

Қорық инспекторлары оларды санитарлық талаппен өртеп жатыр. Жергілікті мамандар аққулардың қырылуына - көлде қоректік заттардың азаюы себеп болғанын айтады.

Сондықтан Алматы қаласынан орнитолог мамандар шақырылған. Олар қосымша зерттеулер жүргізбек.

"Қаракөл көлінде құстарды жемдеуге және осы тұрғындарға арнайы киімсіз қазіргі құс тұмауы кезінде өте қауіпті. Құстарды жемдеуге қаражат жинаймыз дегендерге алғысымызды білдіреміз Бірақ ондай шараларды көлде жасауға болмайды. Арнайы мамандар келеді. Солардың қорытындысы бойынша жұмыс ары қарай жалғастырады." Жасқайрат Нұрмұхамбетов, "Үстірт" мемлекеттік тарихи қорығы директорының міндетін атқарушы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: