Жаңалықтар тізбегі
0

Еуропада тұмау мен коронавирус тарап жатыр

Еуропада тұмау мен коронавирус тарап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2024 13:33 Сурет: pixabay
"Қарт құрлықта" коронавирус пен тұмау тарап жатыр. Сондықтан Еуропадағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы тұрғындарға науқастанса үйде қалуға кеңес берді.

Аймақтық ұйым көпшілік жиналған жерлер мен денсаулық сақтау мекемелерінде маска тағу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.

Ал Испанияның Каталония, Валенсия сияқты бес провинциясының ауруханалары мен клиникаларына маскасыз кіруге тыйым салынған, деп жазады qazaqstan.tv.

Италия болса, респираторлық аурулар мен ковид жұқтыру фактілерінің рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдесе, Португалия тұмау эпидемиясын бастан кешіп жатқанын мойындады.

Коронавирус пен маусымдық аурулар әлемнің өзге бөліктерінде де өршіп, АҚШ-тың төрт штаты халықты маска тағуға міндеттеп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: