Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрлігі: Балаларына екпе егетіндер көбейді

Денсаулық сақтау министрлігі:  балаларына екпе егетіндер көбейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2024 15:21 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бұған дейін балаларын қауіпті дертке қарсы екпеден бас тартқан ата-аналар дәрігерлер қайта хабарласқанда, екпе жасауға ықыласпен келісіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында министр қазақстандықтардың екпе, оның ішінде қызылшаға қарсы егу қажеттілігін жақсы түсіне бастағанын атап өтті.

"Менің ауыр халде, түрлі асқынулармен ауруханаға түскен таныстарым бар. Бүгінде медицина қызметкерлері екпе алуға қайта өтініш білдіріп хабарласқанда, адамдар ықыласпен барып екпе алып жатыр. Тіпті бұрын бас тартқандар да екпені сәтті алып жатыр. Маған 2023 жылдың аяғында алдында екпеден бас тартқан балалардың шамамен 50%-ы вакцина алғаны туралы хабарланды". Ажар Ғиният

Сондай-ақ, қазір Ғинияттың айтуынша, бұрын берілген медициналық бастартыларға талдау жүргізілуде. Емханалардағы комиссиялар медициналық бас тартудың негізділігін қайта тексереді.


"Бала да қаралады, шақырылады, тексеріліп, егіледі. Екі айдың ішінде миллионға жуық бала егілді". Ажар Ғиният

Ол сондай-ақ Қазақстанда ата-анасының рұқсатынсыз қауіпті инфекцияларға қарсы вакцина егуді Қазақстанда міндетті ете ме деген сұраққа жауап берді. Министр барлығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады деп жауап берді. Үкімет отырысында ол 2023 жылы Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны 30 мыңға жуықтағанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: