Қарағанды облысында бұзылған автобустан 41 жолаушы эвакуацияланды
Сурет: видео скрині
Қарағанды облысының құтқарушылары бұзылған автобустан 41 жолаушы эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
9 қаңтарда "Алматы-Екатеринбург" автожолында төтенше жағдайлар департаментінің күшімен бұзылған автобустан 41 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 14-і – Өзбекстан азаматы, 27-сі – қазақстандықтар.
Автокөлік "Шымкент – Тобыл" бағыты бойынша жүрген.
Зардап шеккендер мен медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
"Дауылды ескертулер кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз және алыс қашықтыққа жол жүрмеңіздер".Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript