Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда баланы қылқындыру арқылы емдемек болған

Өзбекстанда баланы қылқындыру арқылы емдемек болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2024 17:00 Сурет: pixabay
Өзбекстанда тұтығып сөйлейтін баланы қылқындыру арқылы емдемек болған әйел анықталды. Оның ер баланы қапсыра құшақтап, жекіп сөйлеп жатқан видеосы желіде тарап кетті.

Әлеуметтік желіде белсенді азаматша елге өзін кәсіпкер әрі ұстаз ретінде таныстырған.

Жызақ облысында арнайы семинар өткізген ол, баланы тұншықтырып сондай ақ, анайы сөздер айтып қорқыту арқылы емдейтін әдісін көпшілікке көрсеткен. Видеоны желіге жүктеген.

Әйелдің бұл әрекеті Олий Мәжілістегі балалар құқығы бойынша өкіл мен құқық қорғаушылардың назарына ілікті.

Қазір осы жәйтке қатысты тергеп-тексеру басталған. Бұл туралы елдегі балалар омбудсмені ресми парақшасында жариялады.

Істі Ташкенттегі Юнусабад аудандық прокуратурасы қадағалап отырғанын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: