Церебральды сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болды: сот атышулы іс бойынша Атырау тұрғынына үкім шығарды
Сурет: Zakon.kz
Атырау тұрғыны мүгедек баланы зорламақ болғаны үшін 17 жылын түрмеде өткізеді. Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды бірден Қылмыстық кодекстің екі бабы - қыз зорлауға оқталу және көлік ұрлау бойынша кінәлі деп таныды, деп хабарлайды "Мой город".
Соттың баспасөз қызметі 2024 жылғы 12 қаңтарда хабарлағандай, іс жабық сот отырысында қаралды.
"Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, куәгердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру актісімен және сараптама қорытындысымен толық дәлелденді", - деп атап өтті Атырау облыстық соты.
Ер адам өз кінәсін мойындады. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.
2022 жылдың 6 желтоқсанында Атырауда ер адам "Рено Дустер" көлігін ұрлап кетіп, ондағы 13 жасар қызды зорламақ болған. Күдіктіні Атырау қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "қылмыс жасамақ болған жерінде" ұстады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript