Алматыда бастық әйел церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды пайдаланып, ақша таппақ болған

Сот үкімі, Алматы, бастық әйел, церебральды сал ауруы, балалар, ақша ұрлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 18:47 Сурет: pixabay
Алматыда Жетісу аудандық соты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы сотталды.  Әйел адам "церебральды сал ауруы" диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу арқылы алынған "Suberpro-com" ЖШС өкілінің 3,6 млн теңгесін ұрлауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталған адамға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін астаналық полиция қызметкері алған 26 парасы үшін ұзақ мерзімге түрмеге отыратыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: