2025 жылы Алматыда жеті әлеуметтік жоба 8 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

2025 жылы жеті негізгі жоба аясында 8,2 мыңнан астам адам қамтылып, оларға кешенді көмек көрсетіліп, қоғамға бейімделуіне жағдай жасалды. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері айтты., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 14:41 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылы жеті негізгі жоба аясында 8,2 мыңнан астам адам қамтылып, оларға кешенді көмек көрсетіліп, қоғамға бейімделуіне жағдай жасалды. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері айтты.

Атап айтқанда, "Тәуелсіз өмір мектебі", "Жарқын өмір", "Жаңа өмір", "Isker Isi", Әлеуметтік интеграция орталығы, "Иппотерапия" және Мүгедектер арбасын жөндеу орталығы жобалары жүзеге асырылып жатыр.

"Тәуелсіз өмір мектебі" жобасы қатысушыларға қорқынышын жеңіп, өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі. Өткен жылы "Ақ Бастау" пансионатында бір апталық жатақпен өтетін курстарға әлеуметтік осал санаттағы 400-ге жуық адам қатысты.

"Жарқын өмір" бағдарламасы өмірінде қиындық болып жатқан отбасыларға қолдау көрсетіп, күйзелісті еңсеруге және отбасылық қатынасты қалпына келтіруге бағытталған. Бағдарлама аясында 540 қала тұрғыны қамтылды.

"Жаңа өмір" жобасы тәуекел тобындағы балалы әйелдердің қоғамға бейімделуіне және тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал етеді. Өткен жылы жобаға 330 адам қатысты.

Ең ауқымды жоба – "Isker Isi". Бұл "бір терезе" қағидаты бойынша қарыз міндеттемелері, проблемалық қарыз алушылар мен алданған салымшылардың жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған кешенді консультациялық қолдау. 2025 жылы бұл қызметті 6 мыңнан астам адам пайдаланды.

Әлеуметтік интеграция орталығы ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істейді. Мұнда өнер, би, актерлік шеберлік, компьютерлік сауаттылық және музыка студиялары арқылы олардың қабілеті дамып, психологиялық қолдау көрсетіледі. Аталған орталық 240 адамға көмек көрсетті.

"Иппотерапия" бағдарламасы ерекше қажеттілігі бар балалардың физикалық және психологиялық оңалуына, қозғалыс үйлесімділігі мен әлеуметтік дағдысын дамытуға көмектеседі. 2025 жылы 50 бала бағдарламаға қатысты.

Мүгедектер арбасын жөндеу орталығы 600 пайдаланушыға тегін қызмет көрсетті.

"Аталған жобалар ерекше қажеттілігі бар адамдарға, өмірінде қиындық болып жатқан отбасылар мен балаларға қоғамға бейімделуге, мүмкіндігін жүзеге асыруға және тұрмыс деңгейін арттыруға нақты жағдай жасайды", – деді Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері.

Айта кету керек, Алматы халқының 16,3%-ы (шамамен 375,8 мың адам) әлеуметтік осал санатқа жатады. Олардың қатарында зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар, жетім балалар, ардагерлер, тыл еңбеккерлері және басқа да санаттар бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: