Жетісу облысында деструктивті діни ағымның жақтаушысы есірткімен ұсталды
Сурет: видео скрині
Жетісу полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Талдықорғанның 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсталған адамға тиесілі автокөліктің жүксалғышында өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді.
"Ер адамның деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені белгілі. Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды". Облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы
Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 келі 722 грамм марихуана екенін көрсетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript