Түркістан облысында деструктивті діни ағымның жақтаушысы ұсталды
zakon.kz/Максим Золотухин
Оған есірткі заттарын сақтады және саудалады деген күдік келтірілді әрі одан атыс қаруының оқ-дәрісі тәркіленді.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтады және саудалады деген күдікпен деструктивті діни ағымның жақтаушысын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер есірткі салынған пакетті тәркіледі, оны күдікті Келес ауданы тұрғындарының біріне 25 мың теңгеге сатқан.
Сондай -ақ ұсталған азаматтың үйінен жалпы салмағы 760 грамға жуық "анашаға" ұқсас есірткі заты мен атыс қаруының 20 оқ-дәрісі табылды, - деді брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 1-бөлімі, "Есірткі, психотроптық заттар мен олардың баламасын сату, өткізу мақсатында оларды заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу істің барлық мән-жайын, сондай-ақ ер адамның тыйым салынған заттарды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр, - деді ол.
Полиция есірткі заттарын заңсыз таратқаны және сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript