Астаналық оқушылар қайтадан қашықтықтан оқуға көшті
Сурет: unsplash
Астанада бүгін, 2024 жылдың 15 қаңтарында екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қайтадан қашықтықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық білім басқармасында түсіндіргендей, бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
"Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - делінген хабарламада.
2024 жылдың 15 қаңтарында бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшетіні бұрын хабарланған болатын. Себебі ауа райының нашарлауы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript