Жаңалықтар тізбегі
0

Tele2, Kcell және Beeline компанияларына 3,2 млрд теңге айыппұл салынды

Tele2, Kcell және Beeline компанияларына 3,2 млрд теңге айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 16:07 Сурет: unsplash
Қазақстанда Tele2, Kcell және Beeline ұялы байланыс операторларына сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3,2 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Интернет және мобильді байланыс желісіне қол жеткізу сапасын мониторингілеу және жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс істеп келеді.
Министрлік өз құзыреті аясында ұялы байланыс операторларына сапасыз қызметтерін ұсынғаны үшін айыппұл салу өкілеттігіне ие.
Осылайша, 2023 жылы ведомство 782 тексеру жүргізіп, 3 млрд 288 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Бюджетке заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып, 1 млрд 644 млн теңге төленді, оның ішінде операторлар бойынша:

Tele2 - 751,4 млн теңге;
Kcell - 563,2 млн теңге;
Beeline - 329,4 млн теңге төледі.

Сондай-ақ Министрліктің 2020-2022 жылдар аралығында сапасыз байланыс үшін тексеру жүргізу және айыппұл салу статистикасымен танысуды ұсынамыз.

2020 жылы министрлік 93 тексеру жүргізіп, 47,8 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

2021 жылы жүргізілген тексерулер саны едәуір өсті: жүргізілген 562 тексеру аясында жалпы сомасы 264 млн теңгеге айыппұл салынды.

2022 жылы Министрлік жүргізген тексерістер саны екі есеге өсті - 1 175, нәтижесінде ұялы байланыс операторларына 1,6 млрд теңге сомасына айыппұл салынды.

Тексерулер жүргізу және айыппұлдарды ұлғайту операторлардың көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді.

Мәселен, 2019-2022 жылдар аралығында айыппұлдар өскенге дейінгі кезеңде операторлар ұйғарымдардың тек 33%-ын орындады.

Айыппұлдарды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы операторлар нұсқамалардың 65%-ын орындады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: