Жаңалықтар тізбегі
0

Неліктен алматылықтарға 37 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

Неліктен алматылықтарға 37 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2024 16:44 Сурет: unsplash
Алматы қалалық ІІД бастығы Арыстанғани Заппаров 2024 жылдың 16 қаңтарында оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарды ластағаны үшін салынатын айыппұлды еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңгеге дейін өсті.

Арыстанғани Заппаров өзінің Facebook парақшасында алматылықтар мен мегаполис қонақтарына мынаны білу пайдалы болатынын атап өтті:

  • Қоғамдық орындарды ластағаны, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-2 бабына сәйкес 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған.
  • Қаланы абаттандыру ережелерін бұзу, инфрақұрылым нысандарын қирату, жасыл желектерді жою және бүлдіру 20-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2023 жылдың 3 қарашасында Алматы тұрғындары мен қонақтарына арнайы техниканы бұғаттағаны үшін салынатын айыппұлдар ескертілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: