Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 19 см қар жауды

Алматыда мыңнан астам жол жұмысшысы мен 425 техника қар тазалауға жұмылдырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2024 10:53 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі/ коллаж Zakon.kz
Алматыда мыңнан астам жол жұмысшысы мен 425 техника қар тазалауға жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 16 қаңтар күні сағат 22:30-дан 17 қаңтар күні таңғы сағат 08:30-ға дейін Алматы қаласында 19 см қар жауды.

Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

"Түнде 421 бірлік арнайы техника жұмыс істеді, таңертең 425 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 146 құм таратқыш және 1143 жол жұмысшысы." Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Сағат түнгі 02:30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен 13 колонна қар күреумен айналысты.

"Таңғы сағат 05.00-ден бастап 168 бірлік шағын көлемді жинау техникасының күшімен тротуарлар қардан тазартылуда, бұл жұмыс қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Аялдамаларды, жер үсті өткелдерінің тұрақ "қалталарын", әлеуметтік маңызы бар объектілерге өтетін жолдарды тазарту жұмыстары күшейтілді." Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Қалалық трафикке жүктемені азайту мақсатында сағат 07.00-ден бастап техникаға жанармай құю және құм таратқыштарды көктайғаққа қарсы материалмен толтыру жүзеге асырылады. Сағат 10.30-дан бастап жолдардың жүріс бөліктерін қардан тазартудың жаңа циклі және жиналған қарды сыртқы полигондарға шығару басталады.

Айта кетерлігі, бір күн бұрын синоптиктер дауылды ескерту жариялады, осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: