Алматыда қар: коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Жауын-шашын басталғаннан бері 159 құмшашқыштың күшімен жолдарда көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 1 480 тонна материал пайдаланылды.
64 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарларды, көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазгидрометтің мәліметінше, таңғы сағат 9:30-ға дейін қалада 4 см қар жауған.
Қардың түсу қарқындылығы күрт артқаннан кейін сағат 09:30-дан бастап жолдардың жүріс бөлігінен қарды тырмалау бойынша 18 баған ұйымдастырылды.

Сурет: Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, бүгін түстен кейін қар жауады, сағат 22:00-де тоқтайды. Ауа температурасы -3…-5°С болады, одан әрі 9 желтоқсан түнде -11...-13°С-ге дейін төмендейді. Түнде айтарлықтай жауын-шашын жаумайды.
9 желтоқсанда жауын-шашынсыз, ауа температурасы -6...-8 °С.