Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты ұстады

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2024 12:27 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты "ізін суытпай" ұстады. Күдікті бұған дейін тонау қылмысы мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған.

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент – Самара тас жолы бойында қомақты ақша бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады.

Күдікті бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны. Ол құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап, оның BMW автокөлігін заңсыз иемденгені анықталды.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Оқиғаның толық мән-жайы, сондай-ақ ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: