Павлодарда дүкен өртенді
Сурет: Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі
Павлодар блыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қаңтарда 13:30-да Катаев көшесінде тұрған бір қабатты "Веселый улей" дүкені өртенген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері дереу жеткен. Өрт сөндірушілер барғанға дейін дүкен қызметкерлері шығып үлгерген.
"Келген бойда өрттің күрделі дәрежесі жарияланды. Өрт сөндірушілердің күштері өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді", - деп хабарлады департамент.
Өрттің жалпы ауданы - 300 шаршы метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын-ала себебі анықталып жатыр. Өрт сағат 16:59-да сөндірілді.
Оны сөндіруге 61 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript