Тұрлыханов, Дайрабаев, Уәли Ұлттық Құрылтай құрамынан шығарылды

Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2024 11:35 Сурет: akorda.kz
2024 жылғы 19 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына Ұлттық Құрылтайдың құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады.

Ресми ақпаратта атап өтілгендей, Ұлттық құрылтай жұмысына жаңа қоғам өкілдері қосылды:

  • ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева,
  • "Қазақстан кәрістер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин,
  • Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова,
  • ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов,
  • Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова,
  • пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова,
  • дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов,
  • "Азаттық рухы" ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды.

​Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.

"​Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

​Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында хабарланғандай көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: