Бүкіл Қазақстан 1 наурыздан бастап 5-ші уақыт белдеуіне көшеді: қаулы қабылданды
Құжат республика аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бастапқы уақыт және жиілік эталоны бойынша қайта шығарылатын, сақталатын және берілетін уақытты есептеу халықаралық уақыт белдеулері жүйесіне сәйкес жүзеге асырылатыны белгіленді.
"5-ші сағаттық белдеу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылсын", - делінген қаулыда.
Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктеріне 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні, (сағат 00:00) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қояды.
Қаулы 2024 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда екі уақыт белдеуі қолданылады: UTC+5 және UTC+6. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.
Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуін белгілеуді уақытты есептеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар ұсынған болатын.
Жұмыс тобы 2023 жылдың ақпанында қазақстандықтардың ең қолайлы уақыт белдеуіне көшу туралы бірнеше мәрте өтініштеріне байланысты құрылған болатын. Оның құрамына ғылыми институттардың, медициналық университеттердің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары және т.б.