Жаңалықтар тізбегі
0

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысының ісі: сот жабық есік жағдайында өтеді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысының ісі: сот жабық есік жағдайында өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2024 13:34 Сурет: Zakon.kz
Судья Айжан Құлбаева мемлекеттік айыптау тарапының "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің ісін жабық есік жағдайында қарау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Судья Айжан Құлбаева "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің ісін жабық есік жағдайында қарау туралы прокурордың өтініші бойынша қаулыны оқыды.


"Сот айыптау мән-жайларын ескере отырып, сондай-ақ куәгердің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандыру және осы қылмыстық істі жабық сот отырысы ретінде қарауды қажет деп санайды. Сот Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29, 344, 415-баптарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандырып, Мырзахметов Абылайға қатысты қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы шешім қабылдады", - деді судья Айжан Құлбаева.

Бұған дейін прокурор Бауыржан Шекенов Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс бойынша қалалық прокуратураға жәбірленушілердің, куәлардың және басқа да адамдардың, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін алға тартып, жабық сот отырысын өткізу туралы өтініш түскенін хабарлаған болатын.

2023 жылдың 10 мамырында "Атамекен" Ұлттық палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің парамен ұсталғаны белгілі болды. Әлеуметтік желілер бұл соманы $30 млн (13,3 млрд теңге) деп атайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: