Синоптиктер 23 қаңтарда елдің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
Атырау облысының шығысында бұрқасын. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 18-23 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.
Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында көктайғақ сақталады.