Қазақстанның Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
Жиында ІІО қызметтері мен бөліністеріне тағайындалған жаңа басшылар таныстырылды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметті күшейту үшін криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Қанат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін ол министрліктің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы болған.
ҚАЖК төрағасы лауазымына әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Ол бұрын Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Бұрын ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары болған полиция полковнигі Сарқытбай Құсайынов Жетісу облысы ПД бастығы лауазымына тағайындалды.