Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды

ІІМ кадрлық тағайындаулар орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 12:49 Сурет: ҚР ІІМ
3 сәуірде Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен ақпарат және байланыс департаменті бастығының орынбасары қызметіне Арман Бәкіржанов тағайындалды.

Полиция полковнигі Бәкіржанов осы салада 20 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Алғаш рет қызметін инженер-бағдарламашы ретінде бастаған. Соңғы лауазымы – ІІМ ақпарат және байланыс департаменті ақпаратты техникалық қорғау басқармасының бастығы.

ІІМ тыл департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Рүстем Тұнғышбаев тағайындалды. Ол бұрын Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына бұрын осы департаменттің ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы болып қызмет еткен Ольга Агафонова тағайындалды.

Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне бұрын осы департаменттің көші-қон қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған Мәулен Мақанов тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: