Тоқаев Алматы билігінің жер сілкінісі кезіндегі әрекетін қолдады
Сурет: flickr
2024 жылдың 25 қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді. Ол өз сөзінде халықты эвакуациялау үшін инфрақұрылым мен ескерту жүйесінің дайындығына егжей-тегжейлі тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы қалада сирена қосылмағанын еске салды. Және бұл, оның айтуынша, дұрыс шешім.
"Әйтпесе, қалада дүрбелең туындайтын еді. Бірақ халықты басқа байланыс арналары арқылы хабардар ету қажет болатын. Құлақтандыру бірнеше негізгі міндетті шешуі керек. Олардың қайсысын бұрын қолдану керектігі қауіп-қатердің ауқымына байланысты. Алайда қолданыстағы алгоритмдерде бұл ескерілмейді." Мемлекет басшысы
Қатты жер сілкінісі кезінде адамдарды зілзаланың физикалық сипаттамалары мен эпицентрі туралы ақпарат қызықтырмайды. Олар табиғат апатының қаншалықты жойқын екенін онсыз да сезінді. Мұндай сәтте, ең бастысы, тұрғындарды әрі қарай қалай әрекет ету жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды, деді президент.
Азаматтар "Үйге оралуға бола ма?", "Қайдан көмек алуға болады?" деген сауалдарға жауап алуы керек. Сондықтан құлақтандыру жүйесін қайта қарап, оны барынша нақты қажеттілікке бейімдеу қажет. Техникалық құралдар ақпараттың әр адамға уақытылы жетуін қамтамасыз етуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев
Техникалық құралдар, президент айтқандай, ақпараттың барлығына дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етуі керек.
Бұл жолы SMS-хабарламалар тым кеш келді. Сондай-ақ дүмпу кезінде байбалам салып, жалған ақпарат таратқандар болды. Жұртты әдейі дүрліктірген адамдарды заңға сәйкес жазаға тарту қажет, – деді Президент.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript